Мектебіміздегі «Qaganat» жүйесі бұл...
«Qaganat» жүйесінің негізгі мақсаты – салауатты бәсекелестік рухын қалыптастыру және әр оқушының өз қызығушылықтарына сәйкес факультетті (ғалымдар, мұғалімдер, инженерлер және т.б.) таңдауына мүмкіндік беру арқылы топтық және ұйымдастырушылық дағдыларын дамыту.
Әрбір қағанаттың «Билер кеңесі» мектептік өзін-өзі басқару жүйесі оқушылардың мектепті басқаруға қатысуына, оларды қоғамның жауапты және белсенді мүшелеріне айналдыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйесінің тарихи контекстімен, әділдік пен адалдық қағидаларымен таныстырады.
«Qaganat» жүйесінің артықшылықтары
𐰀
𐰋
𐰠
𐰲
𐰑
𐰁
Міндет
Ең алдымен әр қағанат өз ханын (басшысын) тағайындауы керек. Оны оқушылар өзара дауыс беру арқылы таңдайды. Қағанаттың басшысы билер арқылы сыныпты басқарады. Сондықтан әр сыныпта билер болуы керек. Арнайы шара ретінде хан мен билер сайлауын ұйымдастыруға болады
Қағандар мен билердің басты міндеті – мектеп оқушыларына қатысты барлық шараларға атсалысып, мәселелерді шешуге, шаралар ұйымдастыруға атсалысу. Сонымен қатар хандар мен билер өз қағанаттарының барлық мүшелерін мектепік жұмысқа жұмылдыруы керек
Әрбір қағанаттың аты, ұраны, рәміздері болуы керек
2-12 қазан аралығында мектептің қағанын (президентін) сайлау жұмыстары жүргізілуде. Бұл кезеңде әрбір қағанат мектеп қағанына үміткерді таңдап, мектепті дамыту бағдарламасын ұсынуы керек. Дауыс беру 13 қазанда өтеді. Сайлау қорытындысы 16 қазанда жарияланады