Мектептің заңды атауын талқылау барысында мектеп негізін қалаушылар «элита» сөзін молшылық, байлық ретінде емес, бұл сөздің тарихи аспектісіне, атап айтқанда «қазақ элитасы» немесе «Алаш зиялылары» деген мағыналы, қазақ тарихында, қоғамында елеулі орны бар тіркестердің аясында қарастырды.
Қазақ элитасы немесе қазақ зиялылары дегеніміз – білім алып, халқын ағартуға, білімді әркімге қолжетімді етуге ұмтылған, халқының тәуелсіздігі үшін күрескен, мәдениетті, саясатты қалыптастырған, ой-өрісін дамытуға ұмтылған, қоғамды дамытуға, руханиятты дамыту арқылы ұлттық бірегейлікті сақтау үшін күрескен қазақ қауымы.
Қазақтың ең жарқын ағартушылары мен «қазақ элитасының» өкілдері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Тұрар Рысқұлов болды, және бүгінде олар білім, ұлттық болмыс пен ұлттық құндылықтар тұрғысынан үлгі боларлық тұлғалар болып қала береді. Сондықтан біз оқушыларымызды маңыздылық жағынан ерекше жандар ретінде емес, халықаралық ойлау қабілетіне ие, ел мен әлем алдындағы жауапкершілікті сезінетін азаматтарға айналуы тиіс тұлғалар деп санаймыз.
ашық