Біздің білім беру жүйеміз құндылықтарға, пәнаралық байланысқа және жекелендірілген оқытуға негізделген. Біз оқушыларға халықаралық IB бағдарламаларын және бірегей авторлық курстарды ұсынамыз. Оқу үдерісі табиғи орта мен мәдени орындарға ұйымдастырылатын танымдық экскурсиялармен толықтырылады. Сабақ барысында оқушылардың пәндік білімдерімен қатар, маңызды дағдылары мен ойлау қабілеттері, зерттеушілік және жобалық жұмыс жасау дағдылары дамытылады. Сыныптардағы оқушылар санының аз болуы әр балаға жеке көңіл бөліп, оның оқу бағыты мен қажеттіліктеріне сай қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.