Group 1000011225

Психологиялық қызмет

Буллингтің алдын алу шаралары

Мектепте буллингтің алдын алу – тәрбие мен психологиялық қолдаудың маңызды бөлігі. Бұл бағытта жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі:

          «Достық және өзара құрмет» акциясы өткізіліп, оқушыларға бір-бірін түсіну мен қолдау көрсету құндылықтары үйретіледі.

          Психолог пен кураторлар бірлесіп тренингтер ұйымдастырады, онда балалар эмоцияларын басқару, қақтығысты бейбіт жолмен шешу және жанжал кезінде көмек сұрау дағдыларын меңгереді.

          Әр сыныпта заман аманаты сағаттарында қосымша тәрбиелік іс-шара өткізіліп, оқушылар өз ойын ашық айтуға, өзара түсіністік орнатуға үйренеді.

          Мектеп тарапынан құпия сенім жәшігі жұмыс істейді, бұл арқылы оқушылар өз мәселесін жасырын түрде жеткізе алады.

          Мұғалімдер және мектеп қызметкерлеріне арналған «Буллингті анықтау және алдын алу» семинарлары өткізіліп, педагогтар ерте белгілерді байқау және дұрыс әрекет ету стратегияларын үйренеді.

 

Оқушыларға арналған киберқауіпсіздік ережелері :

Қазіргі заманда оқушылардың онлайн ортадағы қауіпсіздігі ерекше назарда. Мектепте киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттық сабақтар мен бейнетүсіндірулер өткізіледі.

          Әр оқушыға жеке мәліметтерді (аты-жөні, мекенжайы, суреті) интернетте жарияламау, күмәнді сілтемелер мен бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап бермеу қажеттігі түсіндіріледі.

          Арнайы сабақтарда кибербуллинг, онлайн алаяқтық ұғымдары түсіндіріліп, нақты өмірлік мысалдар арқылы қорғану тәсілдері үйретіледі.

          Балаларға әлеуметтік желілерде әдептілік ережелері, яғни басқа адамға құрметпен қарау, агрессивті пікір қалдырмау және ақпаратты тексеріп барып бөлісу дағдылары үйретіледі.

 

Ата-аналармен жұмыс түрлері

Баланың қауіпсіздігі мен дұрыс дамуы үшін ата-анамен тұрақты байланыс орнату – негізгі басымдықтардың бірі.

          Мектепте ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіліп, буллингтің психологиялық белгілері, баланың мінезіндегі өзгерістерді байқау және дұрыс әрекет ету жолдары түсіндіріледі.

          Ата-аналарға «Балаңыздың онлайн өмірін қалай бақылауға болады?» атты ақпараттық нұсқаулықтар беріледі, онда гаджет қолдану уақыты, қауіпсіз қосымшалар мен интернет сүзгілер туралы кеңестер ұсынылады.

          Психолог пен сынып кураторлары ата-аналармен жеке кеңес өткізіп, баланың мектептегі және үйдегі психологиялық жағдайын тұрақтандыруға көмек көрсетеді.

 



kkҚазақ тілі

Zaman-ға қосылу