Мектепке шолу

Мектепке тур

Мектеп тек оқу орны ғана емес, ол баланың жан-жақты дамуы мен әлеуетін ашуға арналған толыққанды экожүйе.

Zaman мектебінің архитектурасы тек сапалы материалдарды пайдалана отырып, элиталық ескі/тарихи ағылшын колледждерінің стилінде жасалған.

Мектептің экологиялық таза аймақта, Іле Алатауының етегінде, ауасы таза тыныш және қауіпсіз жерде орналасуы баланың денсаулығы үшін маңызды.

I БЛОК ZAMAN School лоббиі
 
ZAMAN SCHOOL лоббиі – оқушылар мен олардың ата-аналары үшін жайлы орын. Мұнда сіз балаңызды күтіп кезінде, ыңғайлы уақыт өткізе аласыз. Алаңы кең күту залында жұмсақ дивандар, кітаптар мен журналдар, фотосуреттер алаңы және пайдалы уақытыңызды өткізуге арналған кофехана бар.

Кеңістік авторлық стильде жасалған бірінші қабаттың дәлізімен толықтырылған: ашық және графит реңктері, табиғи тас және ағаштан жасалған сәндік элементтер, асыл мәрмәр ұзақ жылдар бойы күш, «ғасырлық» тұрақтылық және даму сезімін тудырады.

1 ҚАБАТ 
Оқу кабинеттері, жаратылыстану, шахмат, хореография және шығармашылық кабинеттері
 
Мектептің 1-қабатында бастауыш сыныптарға арналған кабинеттер орналасқан. Мұнда хореография, шахмат және шығармашылық сабақтары да өткізіледі. Сондай-ақ Science LAB кабинеті - бұл балаларға арналған ғылыми және танымдық эксперименттер өтетін орын.

Мы создавали проект для образовательного учреждения, и вдохновились лучшими традициями европейских учебных заведений. Используя материалы как задумку передать атмосферу элитарности, где обучаются дети и получают лучшее образование.

Жобаның сәулетшісі Шнайдерман Роман

2 ҚАБАТ   Оқу кабинеттері
 
На 2-ом этаже расположены учебные классы, оснащенные интерактивными досками высокого разрешения, удобными специализированными партами для учебы, с просторными окнами и всеми необходимыми удобствами для учеников.

Робототехника, информатика, музыка және математика сабақтары 2-қабатта өтеді. Барлық аудиториялар заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталған, соның арқасында қызықты және танымдық онлайн семинарлар мен конференциялар өткізіледі, слайдтар, бейнероликтер мен диаграммалар көрсетіледі, бұл оқушылардың оқу процесін және білімді меңгеруін жақсартады.

Оснащение кабинетов техническими средствами обучения, дизайн кабинетов, создание комфортного психологического климата играют немаловажную роль в процессе освоения предмета и развитии творческого потенциала учащихся. В наших кабинетах созданы все условия для удобства вашего ребенка, во время нахождения в аудиториях.

2 ҚАБАТ Спорт залы
 

Сондай-ақ, 2-қабатта ұлдар мен қыздарға арналған бөлек киім ауыстыратын бөлмелері бар екі кең спорт залы орналасқан.

Кең аумақ әртүрлі форматтағы кез келген жаттығулар мен спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

3-4 ҚАБАТ Кітапхана

ZAMAN SCHOOL кітапханасы бай кітапхана қорын қамтитын мектептің негізгі бөлімшелерінің бірі болып табылады. Пайдаланушыларға көркем әдебиеттің кең таңдауы ұсынылады: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі әлемдік классикалық әдебиет жауһарларынан бастап отандық және шетелдік авторлардың бестселлерлеріне дейін.

Кітапхананың жалғасы – екінші қабат (мектептің 4-қабаты), әртүрлі жұмыс алаңдары бар оқу залы бар. Мұнда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін даралап, дамытуға қолайлы жағдай жасалған.

II БЛОК Мәжіліс залы
 
ZAMAN SCHOOL мәжіліс залы – оқушыларға шығармашылық пен еркіндік беретін кеңістік. Бұл жерде балалар көпшілік алдында әлеуетін ашуға мімкіндік алады.

Зал жаңа технологиялармен – интерактивті тақтамен және проекторлармен жабдықталған.

II БЛОК Тамақтану орны / асхана

ZAMAN SCHOOL оқушыларының тағамы алуан түрлі, құнарлы және қажетті мөлшерде дәрімендер мен минералдардың болуын қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Осы мақсатта ZAMAN SCHOOL-да үлкен мектеп асханасы қарастырылған. Бұл балалар бос уақытын еркін өткізетін тағы бір орын.

Наша школа располагает большим и уютным помещением столовой на 450 посадочных мест.

III БЛОК Футбол және баскетбол алаңы
 
ZAMAN SCHOOL мектебінің басты міндеті – балалардың физикалық дамуы. Мектепте білім беру аясында балаларға дене тәрбиесінің негіздерін үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.

Осы мақсатта ZAMAN SCHOOL аумағында волейбол, баскетбол, шағын футбол, теннис ойнауға қолайлы спорт алаңдары қарастырылған. Ойындар мен жаттығулардан басқа, алаңдар әртүрлі турнирлер мен іс-шараларға өте ыңғайлы.

“ZAMAN SCHOOL” ғимаратының архитектурасы

kkҚазақ тілі

Өтінім қалдыру