Group 1000011225

Zaman School

Заманауи білім мен табиғи сұлулық үйлесімін тапқан, Қазақстанның болашақ көшбасшыларын
қалыптастыратын Алматыдағы жаңа форматтағы алдынғы қатарлы қазақ мектебі -
- ZAMAN мектебіне қош келдіңіз!

Мектеп жаңалықтары

Мектеп туралы

«ZAMAN» — таңдаулы қазақ мектебі. Мектеп Халықаралық Бакалавриат (IB) ұйымы ұсынған үш негізгі бағдарлама: Бастауыш мектеп бағдарламасы (PYP), Орта мектеп бағдарламасы (MYP) және Дипломдық бағдарлама (DP) бойынша білім беруге ресми түрде рұқсат алып, авторизацияланған IB World School мәртебесіне ие.

IB World Schools мектептерін біріктіретін ортақ философия — әртүрлі және инклюзивті ортада оқыту мен білім беру сапасын арттыруға ұмтылу, нақты тұжырымдалған білім беру идеясына негізделген күрделі әрі жоғары сапалы халықаралық білім беру бағдарламаларын ұсыну.

Тек Халықаралық бакалавриат тарапынан авторизация алған мектептер ғана оның төрт академиялық бағдарламасының кез келгенін ұсына алады: Бастауыш мектеп бағдарламасы (PYP), Орта мектеп бағдарламасы (MYP), Дипломдық бағдарлама (DP) немесе Кәсіби бағдарланған бағдарлама (CP). Кандидат мәртебесі авторизация алуға кепілдік бермейді.

Халықаралық бакалавриат және оның бағдарламалары туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз: www.ibo.org

IB миссиясы

Халықаралық бакалавриаттың мақсаты — мәдениетаралық түсіністік пен құрмет арқылы жақсы әрі бейбіт әлем қалыптастыруға үлес қоса алатын ізденімпаз, білімді және қамқор жас ұрпақты дамыту. Осы мақсатта IB мектептермен, үкіметтермен және халықаралық ұйымдармен бірлесіп, күрделі халықаралық білім беру бағдарламалары мен қатаң бағалау жүйелерін әзірлейді. Бұл бағдарламалар бүкіл әлемдегі оқушыларды белсенді, жанашыр және өмір бойы білім алуға ұмтылатын тұлға болуға ынталандырады. Олар өзге адамдардың өзіндік ерекшеліктерімен бірге белгілі бір мәселеде өзгеше пікірде болуы да мүмкін екенін түсінеді.

    • IB бағдарламалары үшін рұқсат етілген мектеп: PYP, MYP және DP
    • • Мектеп миссиясы IB миссиясымен үйлеседі
    • • Біздің мақсатымыз: 
    • Болашақ үшін бірге – жергілікті болмыс пен жаһандық көшбасшылықтың тепе-теңдігін қалыптастыру!

Артықшылықтар

Швейцария, АҚШ және Сингапурдағы үздік халықаралық бағдарламалар бойынша қазақ тілінде білім беру.

100+

Ұстаздар туралы

10+

жыл білім беру саласында

IB

IB халықаралық сертификаты бар

100%

IB сертификатталған мұғалімдер

Артықшылықтары

Әр оқушыны тұлға ретінде құрметтеу

"Halal" стандарттарына сәйкес салауатты тамақтану

Кәсіби бағдар және үздік ЖОО-на түсу

Эстетика мен талғамның бірегей архитектурасы

Зерттеу экспедициялары мен кәсіби тағылымдамалар

«Сегіз қырлы – бір сырлы» оқушыны тұлғалық және мансаптық өсуге тәрбиелеу

Швейцария, АҚШ және Сингапурдағы үздік халықаралық бағдарламалар бойынша қазақ тілінде білім беру

Халықаралық тәжірибесі бар кәсіби команда

Қазақи мәдениет, тарих және тілдің болмысын тәрбиелеу

Физикалық дамыту арқылы мінезді қалыптастыру

Zaman туралы

Оқу және қабылдау үрдісі туралы ең маңызды ақпаратты біздің оқушылардан ала аласыз

Біздің серіктестер

Қосымша ақпарат үшін

Бізге хабарласу үшін өтінішті толтырыңыз

Жіберу түймесін басу арқылы сіз жеке деректердің құпиялылық саясатымен келісесіз

kkҚазақ тілі

Zaman-ға қосылу