«ZAMAN» — таңдаулы қазақ мектебі. Мектеп Халықаралық Бакалавриат (IB) ұйымы ұсынған үш негізгі бағдарлама: Бастауыш мектеп бағдарламасы (PYP), Орта мектеп бағдарламасы (MYP) және Дипломдық бағдарлама (DP) бойынша білім беруге ресми түрде рұқсат алып, авторизацияланған IB World School мәртебесіне ие.
IB World School мектептерінің ортақ философиясы — мықты көзқарасы бар халықаралық білім берудің күрделі, жоғары сапалы бағдарламаларын ұсына отырып, әртүрлі және инклюзивті оқушылар қауымдастығының оқуын және оқытуды жақсартуға қызмет ету.**
*Тек Халықаралық Бакалавриат ұйымы рұқсат берген мектептер оның төрт академиялық бағдарламасының кез келгенін ұсына алады: Primary Years Programme (бастауыш буынға арналған), Middle Years Programme (орта буынға арналған), Diploma Programme (жоғары буынға арналған) және Career-related Programme (мансапқа бағытталған). Кандидат мәртебесі мектепке авторизация мәртебесінің берілетініне кепілдік бермейді
IB және оның бағдарламалары туралы қосымша ақпаратты www.ibo.org сайтынан таба аласыз.
**Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының миссиясы
Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы мәдениетаралық түсіністік пен құрмет арқылы жақсырақ және бейбіт әлемді құруға көмектесетін ізденімпаз, білімді және қамқор жастарды дамытуға бағытталған. Осы орайда ұйым мектептермен, үкіметтермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық білім беру мен қатаң бағалаудың күрделі бағдарламаларын әзірлеу мақсатында жұмыс істейді. Бұл бағдарламаа бүкіл әлемдегі оқушыларды адамдар өздерінің айырмашылықтарымен де дұрыс бола алатынын түсінетін, белсенді, жанашыр және үздіксіз білім алушы болуға
ZAMAN мектебі Қазақстан мен Кавказ елдеріндегі Халықаралық бакалавриат (IB) мектептері Ассоциациясының ресми мүшесі атанғанын қуана хабарлаймыз. Бұл маңызды жетістік біздің білімнің жоғары стандарттарына және халықаралық білім беру бағдарламаларына берілгендығымызды растайды.
ZAMAN мектебі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кешенді және сапалы білім беруге ұмтылады. Ассоциацияның мүшесі болу біздің осы мақсатымызды жүзеге асырудағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз.
Zaman School-дағы Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасының негізгі артықшылықтарының бірі - дайын білімді жай ғана беруге емес, дағдыларды дамытуға баса назар аудару. Бұл әдіс оқушыларға ақпаратты қабылдауға ғана емес, сонымен қатар оны әртүрлі өмірлік жағдайларға қолдануға мүмкіндік береді, сыни тұрғыдан ойлау, мәселелерді шешу және эмоционалды интеллект сияқты маңызды дағдыларды дамытады.
Zaman School мектебінде біз оқушыларымыздың тек сапалы білім алып қана қоймай, сонымен қатар өз бетінше талдау жасай алатын, шығармашылықпен ойлайтын және көпұлтты әрі көпмәдениетті ортада тиімді әрекеттесе алатын тұлға болып қалыптасуын мақсат етеміз. IB бағдарламасы – жылдам өзгеріп жатқан әлемде бейімделе алатын әрі табысты бола алатын интеллектуалдар мен болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған миссиямызбен үйлесетін үздік жүйе.
Zaman School мектебіндегі IB бағдарламасы қолданыстағы оқу бағдарламасына интеграцияланған, бұл оқушыларға Қазақстан мен әлемнің үздік педагогикалық әдістерін біріктіретін жан-жақты білім алуға мүмкіндік береді. Оқушылар пәндерді қазақ және ағылшын тілдерінде оқиды, бұл оларға халықаралық білім кеңістігінде артықшылық береді. Мектепте IB бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесі бар білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Бұл Қазақстан мен әлем қауымдастығының интеллектуалдары мен болашақ көшбасшыларын тәрбиелеуге арналған бірегей орта қалыптастырады.
Жіберу түймесін басу арқылы сіз жеке деректердің құпиялылық саясатымен келісесіз