«ZAMAN» элиталық қазақ мектебі – Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасының Primary Years Programme (бастауыш буынға арналған), Middle Years Programme (орта буынға арналған) және Diploma Programme (жоғары буынға арналған) бағдарламаларына үміткер мектеп* және IB World School ретінде атануға рұқсат алуды көздейді.
IB World School мектептерінің ортақ философиясы — мықты көзқарасы бар халықаралық білім берудің күрделі, жоғары сапалы бағдарламаларын ұсына отырып, әртүрлі және инклюзивті оқушылар қауымдастығының оқуын және оқытуды жақсартуға қызмет ету.**
*Тек Халықаралық Бакалавриат ұйымы рұқсат берген мектептер оның төрт академиялық бағдарламасының кез келгенін ұсына алады: rimary Years Programme (бастауыш буынға арналған), Middle Years Programme (орта буынға арналған), Diploma Programme (жоғары буынға арналған) және Career-related Programme (мансапқа бағытталған). Кандидат мәртебесі мектепке авторизация мәртебесінің берілетініне кепілдік бермейді.
IB және оның бағдарламалары туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтына өтіңіз www.ibo.org
**Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының миссиясы
Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы мәдениетаралық түсіністік пен құрмет арқылы жақсырақ және бейбіт әлемді құруға көмектесетін ізденімпаз, білімді және қамқор жастарды дамытуға бағытталған. Осы орайда ұйым мектептермен, үкіметтермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық білім беру мен қатаң бағалаудың күрделі бағдарламаларын әзірлеу мақсатында жұмыс істейді. Бұл бағдарламаа бүкіл әлемдегі оқушыларды адамдар өздерінің айырмашылықтарымен де дұрыс бола алатынын түсінетін, белсенді, жанашыр және үздіксіз білім алушы болуға шақырады.
ZAMAN мектебі Қазақстан мен Кавказ елдеріндегі Халықаралық бакалавриат (IB) мектептері Ассоциациясының ресми мүшесі атанғанын қуана хабарлаймыз. Бұл маңызды жетістік біздің білімнің жоғары стандарттарына және халықаралық білім беру бағдарламаларына берілгендығымызды растайды.
ZAMAN мектебі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кешенді және сапалы білім беруге ұмтылады. Ассоциацияның мүшесі болу біздің осы мақсатымызды жүзеге асырудағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз.
Zaman School-дағы Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасының негізгі артықшылықтарының бірі - дайын білімді жай ғана беруге емес, дағдыларды дамытуға баса назар аудару. Бұл әдіс оқушыларға ақпаратты қабылдауға ғана емес, сонымен қатар оны әртүрлі өмірлік жағдайларға қолдануға мүмкіндік береді, сыни тұрғыдан ойлау, мәселелерді шешу және эмоционалды интеллект сияқты маңызды дағдыларды дамытады.
Zaman School-да біз оқушыларымыздың білімді ғана емес, сонымен қатар көпұлтты және көп мәдениетті ортада өз бетінше талдау, шығармашылық және тиімді өзара әрекеттесу қабілетіне ие болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. IB бағдарламасы біздің жылдам өзгеретін әлемге бейімделіп, өркендей алатын зиялылар мен болашақ көшбасшыларды дамыту миссиясымен тамаша үйлеседі.
Zaman School-дағы IB бағдарламасы оқушыларға Қазақстандық және әлемдік үздік оқыту әдістерін біріктіретін жан-жақты білім алуға мүмкіндік беретін қолданыстағы оқу бағдарламасына біріктірілген. Оқушылар пәндерді қазақ тілінде, сонымен қатар ағылшын тілінде оқиды, бұл оларға әлемдік білім кеңістігінде артықшылық береді. Мектепте IB бағдарламасы бойынша сабақ беру тәжірибесі бар білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Бұл Қазақстанның және әлемдік қоғамның зиялылары мен болашақ көшбасшыларын тәрбиелеуге бірегей орта жасайды.
Жіберу түймесін басу арқылы сіз жеке деректердің құпиялылық саясатымен келісесіз