DP бағытының жұмысы
Қазіргі таңда мектеп DP бағдарламасын авторизациялауға дайындық үстінде. Бағдарлама талаптары бойынша негізгі атқарылып жатқан жұмыс бағыттары:
- Пән мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі, жеке пән бойынша бағдарламалардың (Course Outline) жазылуы.
- DP бағдарламасының негізгі бағыттары Creativity, Activity and Service (CAS), Extended Essay (EE) және Theory of Knowledge (TOK) координаторларының біліктілікті арттыру курстарынан өтуі, әр бағыт бойынша бағдарламалардың (Course Outline) немесе жұмыс жоспарының (Action Plan) құрылуы және жүзеге асырылуы.
- Кітапхананы ресурстармен (мультимедиалық және кітап қоры) жабдықтау және кітапханашының біліктілікті арттыру курсынан өтуі, өз бағыты бойынша жұмыс жоспарының (Action Plan) құрылуы және жүзеге асырылуы.
- Пән кабинеттері мен ғылым пәндері бойынша лабораторияларды жабдықтау.
10-11 сыныптардың оқу үрдісі
- IB бағдарламасының DP бағыты ерекшелігі - DP бағдарламасының оқу үрдісіне енгізілуі тек мектеп толық авторизациядан өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Осыған байланысты 2024-25 оқу жылындағы 10-11 сыныптардың оқу үрдісі мемлекеттік стандартқа IB бағдарламасының кейбір компоненттерін (ATL дағдылары, жобалық және зерттеу жұмыстары) кіріктіре отырып жүргізіледі.
- Сонымен қатар 10-11 сынып оқушыларына апталық 6 сағаттық жүктемемен Advanced Placement (AP) бағдарламасы таңдау пәні бойынша сабақтары вариативтік компонент ретінде енгізілген.
10-11 сынып оқу үрдісінің мазмұны
- Оқу жүктемесі
- Бағалау жүйесі
- AP бағдарламасы
- Кәсіби бағдар беру
- ҰБТ дайындық
- 11 сынып мемлекеттік емтиханы
Оқу жүктемесі
№ | Пән | Оқыту тілі | Қосымша ақпарат |
1 | Қазақ тілі | Қазақ тілі | |
2 | Қазақ әдебиеті | Қазақ тілі | |
3 | Орыс тілі мен әдебиеті | Орыс тілі | |
4 | Шетел тілі (Ағылшын тілі) | Ағылшын тілі | |
5 | Алгебра және анализ бастамалары | Қазақ тілі | |
6 | Геометрия | Қазақ тілі | |
7 | Информатика | Қазақ тілі | |
8 | Физика | Қазақ тілі | |
9 | Химия | Қазақ тілі | |
10 | Биология | Қазақ тілі | |
11 | География | Қазақ тілі | |
12 | Қазақстан тарихы | Қазақ тілі | |
13 | Дүниежүзі тарихы | Қазақ тілі | |
14 | Құқық негіздері | Қазақ тілі | |
15 | Дене шынықтару | Қазақ тілі | |
16 | Жаһандық құзыреттілік (Global Perspectives) | Ағылшын тілі | Барлық оқушыларға міндетті. Есептелді/есептелінбеді жүйесі бойынша бағаланады. |
17 | IELTS дайындық | Ағылшын тілі | Барлық оқушыларға міндетті. Есептелді/есептелінбеді жүйесі бойынша бағаланады. |
18 | SAT | Ағылшын тілі | Таңдау пәні, бағаланбайды. |
19 | AP пәндері: AP Art: Drawing AP Biology AP Calculus AP Computer Science AP World History AP Microeconomics AP English and Composition | Ағылшын тілі | Берілген 7 пән ішінен таңдау беріледі. Бағаланады, тоқсандық және жылдық баға табельге және аттестатқа қойылады. |