Мектеп – қазіргі таңда жан-жақты және көп қырлы ұғым. Біз үшін ол әр баланың жан-жақты дамуы үшін академиялық адалдық, әдептілік, жауапкершілік және өз ісіне деген сүйіспеншілік қағидаттарына негізделетін тәрбие үрдісі.
Сондай-ақ, мектеп – бала өмірінің ең негізгі дағдылары қалыптасатын кезең, пәндер бойынша іргелі білім алатын, дарынын ашып, өмірлік бағытты анықтау кезеңі. Бұл - бала өмірінің соңына дейін есте қалатын ең жақсы естеліктер кезеңі.
Осы факторлардың барлығын ескере отырып жүргізетін оқу-тәрбие үдерісіміз 15 жыл бойы өз жемісін беріп келеді.