ZAMAN School туралы

Философиясы

Әрбір бала – Жасампаздық пен Қызметке, Шығармашылық пен Көшбасшылыққа ниетті қамтитын жаңа жаңа дәуір өкілі.

Миссиясы

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, қоғамға қызмет ететін ізденімпаз, бәсекеге қабілетті жаһандық азаматты қалыптастыру.

Ұстанымы

Оқушыларды тарих, мәдениет және тіл туралы 3 негізгі сұраққа жауап беруге шақыратын бірегей қазақ мектебі: Менің бұл уақыт пен кеңістікте қандай тұлғамын? Менің әлемге және адамдарға деген көзқарасым қандай? Мен өз ойларым мен сезімдерді қалай жеткізе аламын?

Құндылықтары

1. Адалдық
2. Көңіл
3. Қамқорлық
4. Сыни тұрғыдан ойлау
5. Сын-қатерді жеңу

Неліктен элиталық?

Мектептің заңды атауын талқылау барысында мектеп негізін қалаушылар «элита» сөзін молшылық, байлық ретінде емес, бұл сөздің тарихи аспектісіне, атап айтқанда «қазақ элитасы» немесе «Алаш зиялылары» деген мағыналы, қазақ тарихында, қоғамында елеулі орны бар тіркестердің аясында қарастырды.


Қазақ элитасы немесе қазақ зиялылары дегеніміз
– білім алып, халқын ағартуға, білімді әркімге қолжетімді етуге ұмтылған, халқының тәуелсіздігі үшін күрескен, мәдениетті, саясатты қалыптастырған, ой-өрісін дамытуға ұмтылған, қоғамды дамытуға, руханиятты дамыту арқылы ұлттық бірегейлікті сақтау үшін күрескен қазақ қауымы.

«Қазақ элитасының» ең жарқын өкілдері мен ағартушылары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов ағаларымыз, бүгінде тәрбие, ұлттық болмыс, ұлттық құндылықтар мәселесінде үлгі болып келеді. Сондықтан біздің оқушылар таңдаулы тұлғалар емес, әлемнің және елдің саналы азаматы ретінде қызмет ету үшін халықаралық ойлаудың елшісі болатынына сенімдіміз.

Мектебіміздің есігі әрдайым

ашық

Өтініш алдырып, мектепке қонақ ретінде келе аласыз

kkKazakh

Өтінім қалдыру