Бастауыш мектеп

1-4 сыныптардың оқу үрдісі PYP

Primary Years Programme (PYP) бағдарламасы бойынша оқушылардың дамуына әсері

Критикалық ойлау жүйесі (СТО) IB бастауыш бағдарламасы (PYP) бойынша оқушылардың дамуына үлкен үлес қосады. Ол оқу үдерісіне біріктіріліп, оқушыларға келесі негізгі артықшылықтарды береді:

1. Ойлау дағдыларын дамыту: СТО оқушыларды ақпаратты талдауға, байланыстыруға және негізделген қорытындылар жасауға үйретеді. Олар тек фактілерді есте сақтамайды, проблеманы әр түрлі қырынан қарастырып, терең түсінуге мүмкіндік алады.

2. Зерттеу дағдыларын қалыптастыру: PYP бағдарламасында оқушылар өз сұрақтарын қойып, соларға жауап іздейді. СТО олардың зерттеу дағдыларын дамытып, тақырыпты өздігінен зерттеуге үйретеді, бұл қызығушылықты, сенімділікті арттырады.

3. Қатысуды арттыру: СТО оқыту процесін интерактивті және қызықты етеді. Оқушылар талқылауларға қатысып, түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін қалыптастырады. Бұл олардың ынтасын және қызығушылығын жоғары деңгейде сақтауға көмектеседі.

4. Мәселелерді шешу қабілеті: СТО күрделі мәселелерді бірнеше кіші қадамдарға бөлу арқылы шешуге көмектеседі. Бұл олардың күрделі сұрақтарға сыни тұрғыдан қарап, шешім табуына мүмкіндік береді.

5. Ашықтық пен креативтілік: СТО оқушыларды ойлаудың икемділігіне үйретеді. Олар жаңа идеяларға ашық болуға, креативті ойлауға және стандартты ойлаудан тысқары шығуға машықтанады, бұл жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі.

6. Метакогнитивті дағдыларды дамыту: PYP оқушылары өздерінің ойлау үдерістерін де бағалауды үйренеді. Олар өздеріне “Мен неге осылай ойлаймын?”, “Менде қандай дәлелдер бар?”, “Мен не білуім керек?” деген сұрақтар қояды. Бұл өзін-өзі рефлексиялау және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

7. Эмпатия және ынтымақтастық: СТО оқушыларға әртүрлі көзқарастарды түсінуге және құрметтеуге көмектеседі, бұл олардың эмпатия және топта тиімді жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Талқылау және пікір алмасу барысында олар топпен жұмыс істеуді және шешімдерді бірлесіп қабылдауды үйренеді.
Осылайша, PYP бағдарламасындағы СТО оқушылардың тек академиялық тұрғыдан өсуіне ғана емес, сондай-ақ өмірде қажет болатын дағдыларды, мысалы, креативтілік, бейімделу, өзін-өзі дамыту және топпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға ықпал етеді.

2024-25 оқу жылындағы PYP бағытының жұмысы

Қазіргі таңда мектеп PYP бағдарламасы бойынша Консультациялық визиттен сәтті өтіп, енді авторизациядан өтуге дайындық үстінде. Бағдарлама талаптары бойынша негізгі атқарылып жатқан жұмыс бағыттары:

  • Бастауыш мектеп мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі;
  • РУР бағдарламасының негізгі стандарттары мен элементтерін енгізу бойынша жұмыс жоспарының (Action Plan) құрылуы және жүзеге асырылуы;
  • РУР бағдарламасы бойынша зерттеу бағдарламасын (Program of Inquiry) құрылуы және сонымен жұмыс жасалуы (Unit Planners);
  • Бағалау жүйесінің қалыптастыруы және жүзеге асырылуы;
  • РУР бағдарламасының маңызды жобасы – РУР Exhibition яғни РУР көрмесіне жұмыстың басталуы;
  • Кітапхананы ресурстармен (мультимедиалық және кітап қоры) жабдықтау және кітапханашының біліктілікті арттыру курсынан өтуі, өз бағыты бойынша жұмыс жоспарының (Action Plan) құрылуы және жүзеге асырылуы.

Оқу жүктемесі

Бағалау жүйесі (№125 бұйрыққа сәйкес)

2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі

6. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады. Формативті бағалау нәтижелерін ұсыну білім алушылардың орындалған жұмыстарында және/немесе электронды журналдарда балл түрінде жүзеге асырылады, педагог түсінік бере алады.

7. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді.

8. 2-11 сынып оқушыларына формативті бағалау, бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі ТЖБ) нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.

Балаларды бағаға ауыстыру шкаласы

PYP Критерии

Толық меңгерді (ТМ)- 5

Оқушы оқу мақсаттары мен дағдыларды толық меңгереді және барлық ұғымдарды түсінеді. Білімі мен дағдыларын қолдана алады. Сыни тұрғыдан ойлай отырып, нақты шешімге келе алады. Шешімін түсінікті түрде жеткізе алады. Оқу процесінде оқушы дербестік көрсетіп, өз бетінше жұмыс істей алады.

Негізiн меңгерді (НМ) - 4

Оқушы оқу мақсаттары мен дағдылардың басым бөлігін меңгереді және ұғымдардың көбісін түсінеді. Білімі мен дағдыларын қолдану барысында кейде қиындық туындайды. Сыни тұрғыдан ойлай отырып, нақты шешімге жиі келе алады. Шешімін түсінікті түрде жеткізе алады, кейде қиналады. Оқу процесінде оқушы дербестік көрсетеді, кейде мұғалімнің көмегіне жүгінеді.

Iшiнара меңгерді (ІМ) – 3

Оқушы оқу мақсаттары мен дағдыларды ішінара меңгереді және ұғымдарды түсінуде қиналады. Білімі мен дағдыларын қолдану барысында қиындық туындайды. Нақты шешімге келуге тырысады. Шешімін түсінікті түрде жеткізуге қиналады, бірақ дағдылануда. Оқу процесінде оқушы мұғалімнің көмегіне жиі жүгінеді.

Меңгермеді (М) - 2

Оқушы оқу мақсаттары мен дағдылардың басым бөлігін меңгермеді және ұғымдарды түсінуде қиналады. Білімі мен дағдыларын қолдану барысында қиналады. Дұрыс шешімге келе алмайды. Оқу процесінде оқушы тек мұғалімнің көмегіне жүгінеді.

Бағаланбайды-Б

Репорттың құрастырылу кезеңінде берілген бағдарламаның тарауы оқушылармен қарастырылмағандықтан бағаланбайды./ Оқушының сабақтан қалған күндерінің себебінен бағаланбайды

kkKazakh

Өтінім қалдыру